ЖУРНАЛ САЯСАТЫ

Республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тарихы»  журналы  1993 жылы шілдеде «Қазақстан мектебі» жұрналына қосымша ретінде шықты. Ал 2003 жылы өз алдына отау тігіп, дербес басылымға айналды. Құрылтайшысы – «Қазақ тарихы»  ЖШС.  Журнал  ҚР БҒМ  Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету  комитеті (бұрынғы ККСОН) ұсынған тізімде бар. Басылым  жылына алты рет шығады: ақпанда, сәуірде, маусымда, тамызда, қазанда және жолтоқсанда.

Журналдың мақсаты:  

  • ғалымның қоғамдағы рөлін көрсете отырып, отандық және шетелдік тарихи және ғылыми зерттеулер шеңберінде алынған ғылыми нәтижелерді жариялау, қазіргі әлемдегі ғылыми білімді танымал ету;
  • ғылыми ортадағы ашық ғылыми пікірталастарды насихаттау және ғалымдардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызу;
·  ғалымдардың зерттеу нәтижелері мен жаңалықтарын ғылыми ортаға тарату;
·  тарих ғылымы саласы бойынша зерттеулерді әлемдік жоғары рейтингі бар журналдарға қойылған талаптарға сәйкес жариялау;
·  интернет-ресурстарды пайдаланып ғылыми шекараларды ұлғайту.

 Журналдың тілі: қазақша, орысша, ағылшынша. 

«Қазақ тарихы» журналы төл тарихымыздың дамуына, жаңа идеяларды енгізу мен ғалымдардың жариялану мүмкіндіктерін молайтуға байланысты өзекті мәселелерді шешуге ықпал етуі керек. Журналда тарих ғылымының барлық салалары бойынша мақалалар жарияланады, атап айтқанда: дүниежүзілік тарих, түркі халықтарының тарихы, ұлттық тарих, археология, этнология, антропология, деректану, алғашқы дерек көздері, тарихнама, архивистика, музеология, ескерткіштерді зерттеу, т.б. Журнал сондай-ақ методология мен теория, далалық зерттеу әдіснамасы, этногенез, эволюциялық антропология, нәсілдік генезис, этникалық антропология, адам морфологиясы, этникалық археология, мәдени нысандардың эволюциясы, этникалық дінтану, этникалық саясаттану, этникалық әлеуметтану, мәдениетаралық психология сияқты тақырыптарға да ашық.Магистранттар мен докторанттар өз мақалаларын «Магистранттар мен докторанттар сөз алады» айдарымен жариялай алады. Ал жаңа кітаптар, жинақтар, оқулықтармен «Танысыңыз: жаңа кітап!» (не жинақ), «Танысыңыз: жаңа оқулық!» айдары арқылы танысасыздар. Сондай-ақ шолулар, конференциялар, семинарлар, мерейтойлар, тағайындаулар мен марапаттар «Ғылыми жаңалықтар» бөлімінде шығады.

Журналдың жаңа нөмірлері кітапханаларға таралады. Журналдың жаңа нөмірлерімен және ондағы тың ғылыми жаңалықтармен басылымның жеке сайтынан таныса аласыздар: https://kaztar.kz

 

JOURNAL POLICY

The Republican scientific and methodical journal «Qazaq tarihy» [Kazakh history] was published in July 1993 as an appendix to the journal «Qazaqstan mektebi» [School of Kazakhstan]. In 2003, it became an independent publication. The founder is “Kazakh history” LLP. The journal is included in the list recommended by the committee for quality assurance in the field of Education and science of the Ministry of education and science of the Republic of Kazakhstan (formerly – KCFES). The journal is published six times a year: in February, April, June, August, October and December.

 The aims of the journal:· 

publication of scientific results obtained in the framework of domestic and foreign historical and scientific research, highlighting the role of the scientist in society, popularization of scientific knowledge in the modern world;

·  promotion of open scientific discussions in a scientific environment and the exchange of experience between scientists;

·  dissemination of research results and discoveries of scholars to the scientific community;

·  publication of research in the field of historical science on the pages of journals in accordance with the requirements of the world peer reviewed journals;

·  increase scientific boundaries using internet resources. 

Languages of the journal: Kazakh, Russian, English.

The journal «Qazaq tarihy» should contribute to the development of our own history, solving topical issues related to the introduction of new ideas and increasing the opportunities for publishing scientists. The journal publishes articles on all branches of historical science, in particular: world history, history of the Turkic peoples, national history, archaeology, ethnology, anthropology, source studies, primary sources, historiography, archivistics, museology, monument research, etc. The journal is also open to topics such as methodology and theory, field research methodology, ethnogenesis, evolutionary anthropology, racial genesis, ethnic anthropology, human morphology, ethnic archaeology, evolution of cultural objects, ethnic religious studies, ethnic political science, ethnic sociology, and intercultural psychology.

 Master students and Phd students can publish their articles under the heading “Master students and Phd students receive a speech”. One can introduce with new books, collections, textbooks in “Meet: a new book!» (what a collection) “Meet: a new textbook!” Moreover, reviews, conferences, seminars, anniversaries, appointments and awards are published in the “Scientific news” section.

New issues of the journal are distributed to libraries. New issues of the journal and new scientific discoveries can be found on the publication’s website: https://kaztar.kz 

 

 ПОЛИТИКА ЖУРНАЛА

Республиканский научно-методический журнал «Қазақ тарихы» (История казахов) впервые был издан в качестве приложения к журналу «Қазақстан мектебі» (Казахстанская школа) в 1993 году. А в 2003 году он стал отдельным, самостоятельным изданием. Его учредитель – ТОО «Қазақ тарихы». Журнал по- прежнему числится в перечне изданий Комитета по обеспечению качества в образовании и науке Министерства образования и науки Республики Казахстан (бывший ККСОН). Журнал издается шесть раз в год: в феврале, апреле, июне, августе, октябре и декабре.

 Цели журнала:

 — показывая роль ученого в обществе, публиковать достижения науки, достигнутые в сфере отечественных и зарубежных исторических,  научных исследований, добиться познаваемости современных научных знаний;

  —  открыто пропагандировать дикуссии ученых в в сфере науки и создавать возможности для обмена мнениями ученых;

   — рапространять в научную среду результаты  исследований ученых и их открытий;

  — публикация исследований в области истории на страницах, соответствующих требованиям журналов, имеющих высокие мировые рейтинги;

 — расширить научные диапозоны исследований с применением интернет-ресурсов.

 

Журнал издается на казахском, русском и английском языках.

Журнал «Қазақ тарихы» в связи развитием отчественной истории, внедрением новых идей и расширением возможностей ученых для их публикаций призван содействовать решению актуальных задач в сфере науки. В журнале издаются статьи по всем  сферам  исторической науки, в том числе: по всемирной истории, истории тюркских народов, национальной истории, археологии, этнологии, антропологии, источниковедению, первоначальным источникам, архивистике, музеологии, исследованию памятников и т.п.

Наряду с этим, журнал открыт также  для публикации статей по тематике методологии и теории, методологии степных  исследований, этногенеза, эволюционной антропологии, расового генезиса, этнической антропологии,  морфологии человека, этнической археологии,

Магистранты и докторанты могут публиковать свои статьи под рубрикой «Выступают магистранты и докторанты». А с новыми книгами, сборниками и учебниками можете ознакомиться через рубрики «Знакомтесь: новая книга (или сборник)!», «Знакомтесь: новый учебник!». Вместе с тем, обзоры, конференции, юбилеи, назначения и награждения публикуются в разделе «Научные новости».

Новые номера журнала распространяются по библиотекам. С новыми номерами журнала и свежими научными новостями можете ознакомиться через индивидуальный сайт издания: https://kaztar.kz

 

ЖАРИЯЛАНЫМДАРДЫҢ ЭТИКАСЫ

«Қазақ тарихы» журналының редакциялық алқасы Жарияланымдардың этика комитеті (COPE) жасаған ғылыми жарияланымдардың этикасы халықаралық стандартын ұстанады. Сонымен қатар халықаралық беделді журналдардың тәжірибесін мойындайды.

Ғылыми басылымның сапасын арттыру үшін жалған ақпаратты, фальсификацияны, плагиатты, т.б. жариялаудан сақ болу және ғылыми жетістіктерді қоғамдық ортаға мойындату көзделеді. Редакция алқасы мен жарияланымның шығуына жауапты адамдар халықаралық қауымдастықтың этикалық құндылықтары мен стандарттарын сақтау мен құрметтеуге әрі жоғарыда көрсетілген олқылықтарды болдырмау үшін ақылға сиымды шараларды қолдануға міндетті.

Редакция әр қилы құқық бұзушылық (плагиат, манипулация, фальсификацияны) әрекеттерді қолдамайды және оған үзілді-кесілді қарсы. Егер редакция алқасы журналда жарияланған мақалаларға қатысты құқық бұзушылықты немесе этикалық нормалардың бұзылғанын білсе, COPE  (немесе оның баламасы) ұсынысын басшылыққа алуы керек.

 

PUBLICATION ETHICS

The editorial board of the journal «Qazaq tarihy» [Kazakh history]  adheres to the international standard of ethics of scientific publications, developed by the Сommittee on ethics of publications (COPE). It also recognizes the experience of reputable international journals.

In order to improve the quality of a scientific publication, it is planned to prevent the publication of false information, falsification, plagiarism, etc.and to recognize scientific achievements in the public environment. The editorial board and the people responsible for the publication are obliged to observe and respect the ethical values and standards of the international community and take reasonable measures to avoid the above-mentioned gaps.

The editorial board does not support and categorically opposes actions of various offenses (plagiarism, manipulation, falsification). If the editorial board finds out that there is a violation  of ethical standards in relation to articles published in the journal, it should be guided by the recommendation of COPE (or its equivalent).

 

ЭТИКА ПУБЛИКАЦИЙ

Редакционная коллегия журнала «Қазақ тарихы» придерживается международного стандарта этики научных публикаций, разработанных  Комитетом этики научных публикаций (COPE). Наряду с этим признает опыт авторитетных международных журналов.

В целях повышения качества научной публикации предусмотрено остерегаться от публикации заведомо ложных информаций, от фальсификации, плагиата, и т.д. А также предусматривается добиваться признания общественной средой научных достижений.

Редакционая коллегия и ответственные лица за научные публикации  обязуются применить разумные меры по соблюдению этических ценностей и стандартов международного сообщества, а также по недопущению вышеуказанных нарушениий и упущений.

        Редакция не поддерживает разного рода правонарушений (плагиат, манипулация, фальсификация) и категорически выступает против них. Если редакции станет известно о правонарушениях или нарушениях этических норм относительно опубликованных статей в журнале, то она должна руководствоваться рекомендацией COPE (или ее альтернативой).

 

ЖҰРНАЛ  ТУРАЛЫ  ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ

Республикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тарихы»  жұрналы – қазақ халқының төл тарихына арналған ғылыми-әдістемелік басылым. Ол 1993 жылы шілдеде «Қазақстан мектебі» жұрналына қосымша ретінде шықты. Алғашқы санынан бастап қазақтың арғы-бергі тарихын, оның атауын, шығу тегін, жазу-сызу пайда болған уақытына қатысты мәліметтерді жүйелі жариялап келеді. Жұрналда қазақ тайпалары, қазақ-жоңғар шайқастары, Шыңғыс хан қағанатының қыр-сыры, отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдері мен көріністері, жетекшілері жөнінде тың мағлұматтар басылып тұрады. Ұлтымыздың Кеңес империясы тұсындағы саяси өмір тынысы, экономикасы, мәдениеті, қазақ халқының тәуелсіздігі, саяси-экономикалық жаңаша бітім-пішіні көрсетіліп, кезеңдік өзгерістер, қоғамдық даму заңдылықтары сөз етіледі. «Ата қазақтың арғы тарихынан», «Тарихи тұлғалар», «Тарихқа жаңаша көзқарас», «Тарих және әдебиет», т.б. төл тарих пен руханияттың сан саласын қамтитын айдарлары бар.

Жалпы журнал екі үлкен бөлімнен тұрады. Біріншісі«Ғылыми зерттеулер мен деректемелер». Бұл бөлімде қазақ тарихының көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы сөз болады. Ал екінші «Оқыту. Әдістеме. Тәжірибе» бөлімінде орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында қазақ тарихы мен тіл-әдебиетін оқыту тұжырымдамалары, әдіс-тәсілі, оқулықтары талқыланады. Сонымен қатар құқықтану, дінтану негіздері, дүниежүзі тарихын оқытудың әдіс-тәсілдері баяндалып, ұстаздарға әдістемелік кеңестер беріледі. 2021 жылдан бастап«Қазақ тарихы» жұрналының электронды нұсқасы («Qazaq tarihy») шығады. Жұрнал 2003 жылы дербес басылымға айналды. Құрылтайшысы – «Қазақ тарихы»  ЖШС.  Басылым  Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету  комитеті (бұрынғы ККСОН) тізімінде бар. Бас редакторы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің Бас жеңімпазы, Ы.Алтынсарин, Б.Момышұлы, С.Нұрмағанбетов атындағы медальдардың иегері, жазушы Әбділдабек САЛЫҚБАЙ.

Комментарии закрыты.