MTQ5Sot29Ns
3
1
.

“Қазақ тарихы” – екі айда бір шығатын республикалық ғылыми-әдістемелік жұрнал. 

ISSN: 2710-1371.  Жазылу индексі – 75748.

Меншік иесі – “Қазақ тарихы” ЖШС.  

Журнал 1993 жылдың  шілдесінен бастап шығады.

Құрметті тарихшы ғалымдар!

Магистранттар мен докторанттар!

 

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің (БҒССҚК – КОКСОН)  тізіміне кіру-кірмеу туралы көпшіліктің сұрауына орай мынаны хабарлаймыз:  «Қазақ тарихы» журналы дәл қазір бұл тізімде емес. Сондықтан БҒССҚК талабымен мақала қабылдауды  10.05.2021-ге дейін уақытша тоқтаттық. «Ал 2021-дің №1, №2, және №3.2021 жылғы сандарына шыққан мақалалар енді  БҒССҚК-ға ұсынуға жарай ма» дегендерге айтарымыз:

2021 жылдың қаңтарының басында БҒССҚК қызметкерлерінен: «Біз 2-3 ай бұрын қабылдаймыз. Енді мақала қабылдауды тоқтата тұрайық па?» деп сұрағанда, «Жоқ, Сіздер «жарамайды» деген ресми хатты алған соң ғана тоқтатасыздар! Оған дейін қабылдап, жариялай бересіздер» деген еді. 2021 жылы 12 ақпанда ел қатарлы БҒССҚК-ға құжат тапсырғанбыз. Қаралды. Үнсіздік. Сосын өзіміз талап етіп отырып,  жақында «жарамайды» деген ресми хатты алдық. Хатты ала сала БҒССҚК талабымен мақала қабылдауды тоқтаттық!

БҒССҚК-ның эксперттік комиссиясы  мұндай шешімді  2018, 2019, 2020 жылдардағы журналымызға қарап шығарыпты. Енді 2-рет құжат дайындаудамыз. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» Акционерлік Қоғамының рұқсат хатын 2-рет алып, №2.2021 жылдың нөмірі шыға сала құжаттарды қайта жібереміз.  Осыған жауапты  қызметкерлерден «Қазақ тарихы» жаңаша талапқа көшкен 12.2020-дан бастап, №1.2021, №2.2021 жылғы сандарына қарап шешім  шығарыңыздар» деп өтініп көрмекпіз… Көнбесе, амал жоқ. «Кісідегінің кілті аспан-да».  Журнал  БҒССҚКсыз-ақ бұрынғыша шыға береді.  Сондықтан Сіздерге тек  БҒССҚК тізіміндегі журнал керек болса, басқа басылымдарға хабарласыңыз!

Ал БҒССҚК тізіміндегі журналға шығару шарт болмаса,  мектеп мұғалімі, не төл тарихтың қатардағы  жанашыры болсаңыз, бұрынғыша талаппен мақала жолдай беріңіз!

 Редакция алқасы.

01.04.2021 жыл.

 

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ/ СОВЕТ КОНСУЛЬТАНТОВ/ BOARD OF CONSULTANTS:

Төраға: Омарбеков Т.О. –  т.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі (Алматы)    

Орынбасарлары: Салықбай Ә.Ж. –  Журнал редакторы (Алматы)   

Әлімбай Н. –  ҚР МОМ директоры, т.ғ.к., этнолог (Алматы)   

Мүшелері:

Қабылдинов  З.Е. –  т.ғ.д., проф., ҚР БҒМ ҒК ТЭИ директоры (Алматы)

Байтанаев Б.Ә.  т.ғ.д., проф., ҚР БҒМ ҒК АИ директоры (Алматы)

Әбіл Е.А. –  т.ғ.д., проф., ҚР БҒМ ҒК МТИ директоры (Нұр-Сұлтан)

Аяған Б.Ғ. –  т.ғ.д., проф., ҚР БҒМ ҒК МТИ дир. орынбасары (Нұр-сұлтан)

Кәрібаев Б.Б.  т.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі (Алматы)

Қарасаев Ғ.М. –  т.ғ.д., проф., Ресей ҒА корр.-мүшесі (Нұр-сұлтан)

Төлеубаев Ә.Т. –  т.ғ.д., проф. (Алматы)

Жұмағұлов Қ.Т. –  т.ғ.д., проф. (Алматы)    

Uyama Tomohiko. – т.ғ.д., проф. Hokkaido University disabled (Japan, Sapporo)

Буканова Р.Г. –  т.ғ.д., проф. (Башқұртстан, Уфа)

Курманов З.К. –  с.ғ.д., проф. (Қырғызстан, Бішкек)

Невежин В.А.–т.ғ.д., проф. (Ресей, Мәскеу)

Еңсенов Қ.А. –  т.ғ.к., қауымд. проф. (Нұр-Сұлтан).

Сарапшылар тобы/ Группа экспертов/ Expert group:

Найманбаев Б.Р. –  т.ғ.д., проф. (Шымкент)

Жұмағұлов Б.С.–  т.ғ.к., қауымд. проф. (Алматы)

Асылбекова Ж.М.-А. –  т.ғ.д., проф. (Алматы)

Ауанасова А.М.–  т.ғ.д., проф. (Нұр-Сұлтан)

Картаева Т.Е.  т.ғ.к., проф. (Алматы)

Ноғайбаева М.С.–  т.ғ.к., қауымд. проф. (Алматы)

Сәбитов Ж.М. –  PhD,саясаттанушы (Нұр-Сұлтан)

Дүйсен С.Ж. –  п.ғ.к. (Нұр-Сұлтан)

Қалиев Ж.Н.  п.ғ.к.   (Нұр-Сұлтан)

Ерімбетова Қ.М. –  т.ғ.к. (Нұр-Сұлтан)

Үмітқалиев Ұ.Ү. т.ғ.к., археолог (Нұр-Сұлтан)

Ізбасарова Г.Б. — т.ғ.к., доцент (Ақтөбе)

Салқынбек Д. –  т.ғ.к. проф. (Алматы)

Базарбаев Қ.Қ. –  PhD тарихшы (Түркістан)

Қозыбаева М.М. –  PhD тарихшы (Алматы).

«Қазақ тарихы»  жұрналының

(және «Qazaq tarihy» электронды нұсқасының)

басқа басылымдардан артықшылығы:

 

1.Журнал ҚР БҒМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті (БҒСБК) ұсынған тізімде бар.

2.Мұнда жарияланған мақалалар ұстаздардың санатын (категориясын) көтеруге, ЖОО-лар мен колледж оқытушыларының рейтингін жоғарылатуға септігін тигізіп, білім беру мекемелерінің танымалдығын арттырады.

3.Бір кафедрадан  кемінде 7 оқытушы  бір жылға толық жазылып, түбіртегімен қоса жіберсе, кафедра (не бірлестік) мүшелерінің соңғы жылдардағы  жетістіктері мен ең озық іс-тәжірибелерін, шәкірттерінің өнер-білім сайысындағы жоғары көрсеткіштері мен  жетістіктерін  топтап  жариялай алады.

4.Шыққан мақалаңызды оңай аласыз. Ол үшін мақалаңыз шығатын айдың 15-25-інде осы сайтқа кірсеңіз, мақалаңыздың электронды нұсқасы (пдф) дайын тұрады. Ал журналдың өзі қажет болса, 1 дана  журналды редакциядан тегін аласыз. 

5.Бір оқу орнынан 12 мұғалім бір жылға толық жазылып, түбіртегімен қоса жіберсе, олардың әрқайсының компьютерлік 4 беттік 1 шағын мақаласымен бірге мұқабаның 2-3-беттеріне бірлестік (не кафедра) мүшелерінің жетістіктерін әйгілейтін түрлі-түсті фотолары жарияланады.

6.Бір жылға жазылған түбіртегіңізбен  қоса  жіберсеңіз,  компьютерлік 4 беттік 1 шағын мақалаңыз  тегін әрі тез жарияланады. Ал 15 оқырманды 1 жылға жаздырып, түбіртегін салсаңыз, жұрнал мұқабасының 1-бетіне фотосуретіңіз, ал жаздырған әріптесіңіздің мақаласы  жарияланады.

7.Осының бәрін одан сайын оңайлату үшін 2021 жылдың ІІ жартысынан бастап  «Қазақ тарихы» жұрналының электронды нұсқасы «Qazaq tarihy» шығады.

pero